Газада аштықтан қаза тапқандар саны 175 адамға жетті
Израиль қоршауындағы Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде аштықтан тағы алты палестиналық көз жұмды. Салдарынан аштықтан қаза тапқандардың жалпы саны 175 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы. Бұл туралы Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Мунир әл-Бурш мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде әл-Бурш аштықтан көз жұмғандардың қатарында 93 баланың бар екенін нақтылады.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Газада аштықтан қаза тапқандар саны 175 адамға жетті | Қазақстандағы Ислам
