Діни сауаттылық — дініміздің тұғыры
Ағымдағы жылдың 20-ы тамызында Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Экономика және қаржы бөлімінде «Діни сауаттылық — дініміздің тұғыры» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Дін істері басқармасы «Ақпаратық-талдау орталығының» мамандары А.Нұрниязов, С.Бауыржанқызы, АТТ мүшесі Н.Төлеуов қатысты.
АТТ мүшесі Н.Төлеуов мекеме қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар, тәрбиенің маңыздылығы, ата-анаға деген құрмет, өмірге деген көзқарастың дұрыс болуын насихаттай келе, Ислам дінінің мәдениеті жөнінде кеңінен сөз қозғады.
Теолог мамандар тарапынан деструктивті жалған діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттарын, олардың іс-әрекеттері жөнінде тоқталып және дәстүрлі бағыттағы діни уағыздаушылармен дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін атап таныстырып өтті.
Кездесу соңында тұрғындардың қойылған сұрақтарына мамандар нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, қатысушыларға орталықтан дайындалған сауалнамалар жүргізілді.