Бас мүфти съездің Құрмет медалімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен марапатталды. Медалді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев табыстады. Айта кетсек, бүгін Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы өтті. Хатшылық отырысында әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қабылданған Декларациядағы мақсат-міндеттердің іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Бас мүфти съездің Құрмет медалімен марапатталды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля