Діни қызметкерлер мен имамдар біліктілігін арттырды
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының тапсырысы негізінде ағымдағы жылдың 17 тамызында «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері мен имамдарға арналған «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында бір күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтіп жатқан онлайн курсқа 50-ден астам мешіт қызметкері мен имам қатысты. Курс жұмысын «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директор орынбасары М. Құбышев, Ақпарат талдау орталығының басшы орынбасары Г. Қожағұлова ашып, курс жұмысына сәттілік тіледі.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті проректоры, phd докторы Құрманбаев Қайрат қазіргі таңдағы исламтану және хадистану мәселелері жөнінде дәріс оқып, курсқа қатысушылардың сұрағына жауап берді. Курс соңында мешіт қызметкерлері мен имамдарға сертификат табысталды.