Мектеп оқушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптары түсіндірілді

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау қаласындағы №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына «ZOOM» платформасы арқылы «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары» тақырыбында түсіндірме шаралары өтті.

Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы М.Ізғалиев, Атырау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы
Б.Шамұрат, білім саласының ардагері, Облыстық АТТ мүшесі, Т.Марданов, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, қалалық АТТ мүшесі Д.Мұхамбеталиев, облыстық АТТ мүшесі, «Жардем-Атырау» корпоративтік қорының маманы, дінтанушы-тарихшы Е.Абзалов, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық-гимназиясының директоры Д.Болатбекұлы және сынып жетекшілері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Ардагер ұстаз Т.Марданов «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» тақырыбында сөйлеп, ақыл — ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары мамандық иесі болуға шақырды.

Бөлім басшысы Д.Мұхамбеталиев ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертіп, Орталық мамандары «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын жеткізді.

Онлайн форматында өткен шара соңы оқушылардың сауалдарымен ұласып, спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар берумен аяқталды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля