Мақалалар

Дін және зайырлы құқықтың үндестіктері мен ортақ қағидаттары

Дін – адам мен қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жан-жақты ықпал еткен. Ол өзінде адам мен Құдай арасындағы жеке диалогты ғана емес, бәлкім адамның адаммен, адамның қоғаммен қатынасын, сауда-саттық,үйлену-ажырасу, мирасқорлық сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ жалпы өмір сүру дәстүрлерін мұқияттылықпен қарастырады.

Ал «Зайырлылық» сөзінің мәні мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық сипаты — ізгілік пен қажеттілік. Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Зайырлылық азаматтарға дін мәселесінде еркіндік береді.

Сондықтан, бүгінгі таңда зайырлылық Қазақстанның рухани дамуының кепілі болып табылады.

Атеизм мен зайырлылықты теңестіруге болмайды. Қазақстан      Республикасының Конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік береді. Елбасымыз «зайырлылық атеисттік дегенді білдірмейді» деп анық айтқанындай.

Әлемдік тәжірибеде зайырлылық діннен бас тарту деп танылмайды. Мысалы, АҚШ – зайырлы мемлекет болғанымен, шенеуніктері, әскери қызметкерлері, куәгерлер Библиямен ант етеді. Ұлыбритания басшысы – королева Англикандық протестанттық шіркеу басы болып табылады. Германияда шіркеу салығын мемлекеттік салық қызметі жинайды. Байқағанымыздай, зайырлылық дінді қоғам өмірінен шығарып тастамайды.

    Адамның өмір сүру құқығы

Ислам дінінің ең басты принциптерінің бірі – жеке тұлғаның дербестігіне және оның өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру. Сонымен қатар, басқа әлемдік діндер секілді ислам заңнамасы адамның өз-өзіне зиян тигізіп,  өміріне қол жұмсаудан қатаң түрде тыяды.

    Адамның бас бостандығының құқығы

Адамның діни сенім, ой және сөз бостандығы ислам құқықтық заңнамасында қарастырылған. Ол бойынша кез-келген адам заңға қайшы келмейтін шеңберде өзінің жеке ойын, пікірін және ұстанымдарын еркін білдіре алады. Алайда бұл дегеніміз, ешкім басқа адамдарға әділетсіздік көрсетуге бағытталған, қоғамдық тепе-теңдік пен тыныштықты бұзатын ақпаратты таратуға немесе жаланы жаюға құқықсыз. Білім алу мен ақиқат жолындағы ізденісте болу әрбір мұсылманның құқығы ғана емес, бәлкім оның парызы. Ақпарат таралымында егер ақпарат қоғамдық не мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндірмесе, сондай-ақ заңның шектеуімен шектелмесе, оны таратуда ешқандай тосқауылдар болмауы қажет.

Яғни, қорытындылай келе мына нәрсені айта кеткен жөн зайырлы мемлекеттер дінді мемлекеттен бөлу идеясын ұстанатыны белгілі. Бұл мәселеге қатысты сөз қозғағанда зайырлылық қағидаты бойынша діни догманы мемлекет заңдарынан алыстату көзделетініне, бірақ дінді қоғамнан бөліп тастау қарастырылмайтынына, оның діни бостандықты

 

 

айқындайтынына мән берілуі тиіс. Дегенмен кейбіреулер зайырлылықты атеизм бағыты деп түсінеді. Шын мәнінде атеизм дінге үзілді-кесілді тыйым салса, зайырлылық дінді ұстану, ұстанбауда таңдау құқығын беретінін ескерген абзал. Зайырлылық қағидатын ілгерілету және нығайту қоғамдағы діни мәдениет пен келісімді сақтау кепілі. Бұл діни құндылықтардың мәнін түсінуге алып келеді, ал оны азаматтық қоғамның қабылдауы діни және фанатизм арасындағы шектерді түсінуді қалыптастырады. Қоғамда зайырлылық қағидатын ілгерілету діннің рөлін әлсірету дегенді білдірмейді, қайта оны қолдап және азаматтардың сенім бостандығын тең ұстайды. Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекет негіздерінің бірі әрі рухани тірегі болып қала береді. Біздің еліміздің үлгісіндегі зайырлы мемлекет толерантты, ашық қоғам. Дегенмен, зайырлы мемлекеттің негізін қалай отыра, берілген құқықты асыра пайдаланбай, біздер, діндер арасындағы қайшылықтарға, келіспеушіліктерге жол бермеуіміз керек. Керісінше, мемлекетіміздің азаматтарға берілген мүмкіндігін пайдаланып, дін ұстанған жағдайда да ешкімге зиян тигізбей, өмір сүрген абзал. Зайырлы мемлекеттің тізгінін ұстау да оңай емес. Ол үшін бірталай шаруалар атқарылып, сәйкесінше заңдар қабылданып, іс-шаралар жүргізілгені жөн.

Алайда бұл түсініспеушіліктер зайырлылықты дінсіздік деп түсіну мемлекет саясатын дұрыс түсінбеу болып саналады, мемлекет пен дінді ұштастыра алмау білімсіздіктен болатынын, әдетте мұндай қателіктерге теріс ағымдағылар ұрынатынын теолог мамандар көптеп айтуда, ол үшінде теолог мамандар оларға қалай жауап қату керектігі туралы әрбір жиындарда жеке немесе жалпы кездесулерде түсіндіріп жүргені анық.

Теолог: Сариев С.С

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля