Мақалалар

Дін саясаты – мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі.

«Дін және саясат» бұл – қоғамдық  сананың ажырамас бір бөлігі. Саясат ұғымы қозғалған жерде, оның негізі билікке барып тірелетіні де белгілі. Ал билік – мемлекеттік идеологияны қалыптастырушы әрі негізін құраушылар екені сөзсіз. Дін ұғымы барлық саламен тығыз байланысты. Неге десеңіз Аллах Тағала адам баласының әрбір жасаған амалын, шариғат негіздері бойынша жасауды әмір еткен, олай болса, біз қандай салада жүрсек те, қандай іспен айналыссақ та, жасап жүрген ісімізді дін мен ұштастыра білуіміз қажет. Осы орайда, тақырыбымыз бойынша, дін мен саясаттың бір-біріне байланысын әрі оның мемлекеттік идеологияға әсерін айтар болсам…

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауында былай дейді: «Біз – мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген… Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек» деп атап өткені баршамызға мәлім. Сонымен қатар, «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ұранымен, мәңгілік ел боламыз»,-деп жоспар құрған болатын, және осы бойынша біршама істер атқарылуда. Соның ішінде, қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі дін қызмет саласы бойынша жасалып жатырған жұмыстарды айта кетуге болады. Бүгінгі таңда елімізде, жат ағым өкілдері азайып, дәстүрлі бағытқа бейімделушілер көбеюде. Қоғамдағы жастардың арасында дінге бет бұрушылардың артуын, мешіт жамағаттарының және жыл сайынғы ораза тұтушылардың санының көбеюінен байқауға болады. Сонымен қатар, орамал, хиджаб мәселесіне қоғамдағы тұлғалардың қалыпты әрі оң көзқараста болуының артуы да мәлім.

Мемлекеттік идеологияға дінді араластыру, енгізу мәселесі бойынша айтар болсам: Елбасының жоғарыда атап өткен жолдауынан көптеген мәселелерді қозғауға болады. Мысалы:«…елдің дәстүрі мен мәдени нормасына сай діни сана қалыптастыру керек»,-деген жоспарға орай, еліміздегі діни мерекелерді, соның ішінде: Рамазан айы, ораза айт және құрбан айт күндерін, айтулы мереке ретінде өткізіп, мәдени нормаға қалыптастырса…

Қазақстан Республикасы ислами мемлекет болмағанымен, «Зайырлы мемлекет» ретінде танылған. Алайда, дін саясаты – мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі болуы үшін, қарапайым шариғи мәселелерді күнделікті өмірде қолданып, енгізу арқылы қалыптастастыруға болар еді,- дегім келеді. Себебі: мемлекетте діни идеология орнау үшін, саясат төңірегіндегі дін ахуалы өз дәрежесінде артуы тиіс.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля