Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары

Кез келген мемлекет өзінің дін саласындағы саясатын тарихи, мәдени, экономикалық және басқа да факторларын ескере отырып белгілейді. Мемлекеттік саясатты орнықтырудың нысандары – белгілі бір діндерге мемлекеттік мәртебе беру түрі, белгілі бір конфессиялармен келіссөздер жасау түрі, діни бірлестіктердің мәртебесіне байланысты заңнамада арнайы нормалардың бекітілуінен бастап, барлық діни бірлестіктерге либеральды көзқараспен қарауды формалды түрде жариялау түріне дейін әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үш негізге басымдықтары айқындалған. Олар;

Бірінші басымдық болып заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу табылады.

Екінші – мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», – делінген.

Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Ал қазір дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 26 тармақты қамтитын 4 бөлім көзделген. Жоспарды іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға ықпал ету.

«Мемлекеттік құрылыстың зайырлылық қағидаттарын нығайту» бөлімі қоғамда мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды іске асыру. Зайырлылық дегеніміз жалпы халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, соған сай мемлекеттік тұрғыда шешімдер қабылдау. Яғни, зайырлылық – тірі организм, ол ұдайы модернизацияны қажет етеді.

«Азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруды және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету» 2-бөлімінің негізгі іс-шаралары азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз етуге және мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі қалыптастыру. Азаматтардың ар-ождан бостандығы Ата Заңымызбен қорғалғандығы. Ешкім өзінің діни көзқарасына және наным-сеніміне байланысты шектеу көрмеуі. Бұның бәрі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дұрыс жүргізіліп отырғанының айғағы. Дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту және діни экстремизм идеологияларының алдын алу бойынша нақты шаралар жүзеге асыру. Сондай-ақ, азаматтардың ар-ождан бостандығы мен олардың діни наным-сенімін құрметтеу құқықтарына заңнамалық кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелері де басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осыған орай, халықты теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалына түсіп қалудан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың барлық нысаналы топтарын жеке-жеке және жаппай қамту мақсатында мемлекеттік және жеке меншік формадағы түрлі мекеме ұжымдарымен, жоғары оқу орындары, орта және арнайы оқу орын студенттерімен, сондай-ақ, орта мектеп оқушыларымен тікелей кездесулер өткізіледі.

«Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету» 3-бөлімінде қоғамда Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды танымал етуге және ілгерілетуге, конфессияаралық және өркениетаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыру көзделген. Жаһандық әлемдегі ахуал кез-келген аймақтағы жергілікті жағдайды айқындауға ықпал ете алады. Сондықтан, әлемдік қауымдастық тұрақты дамуға қол жеткізу үшін конфессияаралық, мәдениетаралық келісімді сақтауға мүдделік танытуда. Біріншіден, конфессияаралық келісімді нығайту заманауи сын-тегеуріндер мен қақтығыстарды болдырмауға септігін тигізе алады. Екіншіден, аймақаралық шекара түсінігі уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтуда, әлемнің кез-келген мемлекеті босқындар мен жер аударушыларға тиісті назар аударуға мәжбүр. Яғни, жер халқының шынайы келісім мен түсіністікті көрсетуге әзірлігі сыналатын уақыт десек те болады. Үшіншіден, қоғамда берік орнатылған конфессияаралық диалог пен өзаратүсіністік қазіргі уақытта әлеуметтік тұрақсыздыққа әкеліп соққан экстремизм мен терроризм, ксенофобия, рухани сауатсыздық пен үстемдік етуге талпынушы күштермен күресуге үлкен мүмкіндік береді.

«Дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 4-бөлімде қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеологиясын қабылдамауға және қарсы насихаттауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың қағидаттарын түсіндіру.

Жоспарды іске асырудың тиімділігі, тиісінше қазақстандық қоғамдағы қауіпсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған барлық мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың, азаматтық қоғам институттарының және әрбір азаматтың сындарлы іс-қимылына, саналы және белсенді түрде атсалысуына байланысты.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру әртүрлі конфессия мен этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан зайырлы Қазақстан дамуының басым міндеттерін шешуге және ел болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

және үйлестіру бөлімінің басшысы                                            Қ.Салықбаев 

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля