Мақалалар

Дін туралы заңды қайта қарау қажет

Қазіргі кезде қоғам ішінде дінімізге шүйлігіп жатқандар байқалады. Соның көбі өзіміздің қара көздер. Байқап қарасақ, тоқсаныншы жылдан бастап елді бөлуші, азғырушы әртүрлі ағымдар көп келді. Баяғы Ресейдің шоқындыру саясаты сияқты, бірақ осы жолы мұхиттың арғы жағынан келген протестанттық христиан ұйымдары көшеде, не үйлерге барып  кітап, буклеттерін таратып бақты. Бұлардың саны саңырауқұлақша көп болды. Бірақ, қазақ оның артынан ермеді. Бұның бәрі сыртқы күштердің «бөліп ал да, билей бер» саясаты екені айдан анық еді. Енді қазақты ішінен бүлдіру үшін ата-бабамыздан бері Ханафи мәзһабында, Матуриди сенімінде болған халықтың арасына әртүрлі радикалды, өз мүдделерін күйттеген басқа да ағымдар шыға бастады. Кешегі қаңтар оқиғасынан кейін, көбінің бет пердесі ашылып, ел олардан да аяқ тартты. Ал содан кейін ешқандай негізі жоқ, қазақтың діні – тәңіршілдік болған дегендер шықты. Осылардың бәрі сыртқы күштердің проектілері екені айқын. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын): «Аллаға сендім деп айт та, сол ұстанымыңда бекем тұр», – деген (Мүслім). Сондықтан мұсылманмын деп айту оңай, ал сол сеніміңді қорғау оңай емес. Фитнадан (бүлік) қорғап тұрушы соңғы есік болған Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) дүниеден өткелі қай заман? Содан бері фитна тоқтамай, құбылып-құбылып келуде. Ақпарат және қоғамдық даму министрі тағайындалды 04.04.2023 Құран оқудың сауабы 04.04.2023 Енді біз осындайда қалай қорғанамыз? Әлбетте, пайғамбарлар мирасқорлары болған ғалымдарға сүйеніп, аман боламыз. Ол үшін асыл дініміздің қара шаңырағы – Діни басқармамызға бойұсынамыз. Қарасақ, елімізде қанша діни конфессиялар бар болса да, Мүфтияттан басқасының бәрі сырттан басқарылады. Сондықтан осы қара шаңырағымыздың маңызын, рөлін арттыратын кез келді. Зайырлы мемлекет Түркияның өзі мешіттерді қамқорлығына алып, имамдарды еңбекақымен қамтамасыз еткен. Әлбетте, ол жерде, сонау Османиядан бері үрдіс алған уақып қорлары да жақсы дамыған. Сол себепті Түркия Діни басқармасы бюджетінің жетпіс пайызы «Уақып» қорына тиесілі. Осы орайда, Жаңа Қазақстан болып жатқан кезеңде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз. Атап айтсақ, елдің, Қазақстан мұсылмандарының тұтастығы үшін Мүфтият рөлін күшейтіп, ерекше заңмен қорғалуын қолға алу керек. Кешегі Алаш мемлекетінің алдыға қойған бес бағдарламасының бірі – дін болатын. Қазақ халқы қазақ болып тұруы үшін тілі, діні, дәстүрі сақталу қажет. Алла Тағала жар болып, жастардың болашағын жарқын етсін! Қуат ҚАБДОЛДА

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дін туралы заңды қайта қарау қажет | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля