Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы

Ағымдағы жылдың 23-ші тамызында Жылыой ауданы, Қара-арна ауылдық округінде «Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге «Ақпараттық-талдау орталығының» маманы А.Нұрниязов, «Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының» мүшесі М.Исаинова, Аудандық орталық мешіттің наиб имамы Н.Ибадуллаев қатысты.

Шараны орталықтың маманы А.Нұрниязов ашып, жат ағымдардың ерекшеліктері мен сипаттарын баяндай келе, олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті. Сонымен қатар,АТТ  мүшесі М.Исаинова Ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздағы қыз тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде түсіндіріп, «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді»- деп сөзін аяқтады. Аудандық орталық мешіттің наиб имамы Н.Ибадуллаев  дәстүрлі емес ағымдардың Қазақстан аумағында таралуы және олардың қоғамға әсері туралы айта келе, жас ұрпақтарға бағыт-бағдар көрсету керектігіне тоқталды. Шара соңында ауыл тұрғындары көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауап алды.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля