Елорда әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн-конкурс өткізеді

Қазақстанда 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне елордада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-байқауы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай елорда әкімдігі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» байқауын бастады. Қатысушылар 29 мамырдан 1 маусымға дейін Instagram-да Тудың, Елтаңбаның шығармашылық фотосуретін немесе Әнұранның орындалуы туралы видео жариялауы керек. Парақша ашық болуы керек, ал постқа #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы хештегі қойылуы тиіс. Сондай-ақ @akimat__astana аккаунтына жазылып, оны жарияланымда белгілеу қажет. Байқауға 12 жастан асқан елорда тұрғындары қатыса алады. Жарияланымдарды қабылдау 1 маусым күні сағат 23:59-да аяқталады. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша конкурстық комиссияның шешімімен анықтайды: «ҚР Туы бар үздік фото», «ҚР Елтаңбасы бар үздік фото», «ҚР Әнұранын үздік орындау». Үздіктер 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің YouTube арнасында көрсетілетін «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» онлайн-бейнемарафонында жарияланады. Не арқылы: baq.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Елорда әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн-конкурс өткізеді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 18 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля