Зайырлылықтың үш үлгісі

Дін – қазақстандық қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіндегі аса маңызды ықпалды күштердің бірі.

Қазіргі таңдағы дін мәселесіндегі тарихи факторлардың әсері еліміздегі діни ахуалдың ерекшеліктерін нақты көрсетеді. Қазіргі кезде елімізде қалыптасқан ішкі саяси тұрақтылықтың алдағы уақытта да берік болуы көбінесе мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқаратын жұмыстарына байланысты.

Тәуелсіз еліміздің тарихындағы алғашқы кезеңдерде ел экономикасын өркендетуге баса назар аударылса, бүгінгі таңдағы жұмыстар, негізінен, дәстүрлі құндылықтарды барынша дамытуға бағытталуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекет өмірінің барлық салаларында, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді.

Заманауи мағынадағы зайырлылық қағидасы Еуропада пайда болған. Дегенмен, бүгінгі дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылу деңгейі әртүрлі. Жалпы айтқанда, зайырлылық мемлекет билігін дін өкілдеріне бермеу дегенді білдіреді, яғни, зайырлылық дегеніміз «дінсіздік» немесе «дінді жек көрушілік» емес.

«Зайырлылық» деген сөздің мағынасы –«дін мемлекеттен бөлек» дегенді білдіреді.

Зайырлылық – ар-ождан бостандығы және төзімділік сынды ұғымдармен тығыз байланысты.

Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін танытады.

Жалпы, қазіргі уақытта дүниежүзіндегі зайырлылық үлгілерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады.

Біріншісі – «қатаң» болып саналатын, дінді қоғамдық өмір саласынан тысқары ұстауға тырысатын «франциялық» зайырлылық үлгісі болса, екіншісі – «жұмсақ» болып есептелетін, әрбір азаматқа ұстанатын діни наным-сенімдеріне сәйкес, жеке және қоғамдық өмір салаларында өмір сүруіне жағдай жасайтын және діндердің қоғамдық өмір саласына араласуына тосқауыл қоймайтын «англо-саксондық» үлгісі.

Жаһандық деңгейде болып жатқан үрдістерді, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соңғы жетістіктерді және еліміздің ішкі әрі сыртқы саясаттағы ұстанымдарын назарға алып, Қазақстан үшін зайырлылықтың «жұмсақ» үлгісі ең дұрыс таңдау болатыны анық.

Жалпы әлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан:

Зайырлылықтың бірінші үлгісі – секуляристік (атеистік) үлгі. Оның көрнекті мысалы халқымыз бастан өткерген кеңестік режимді орнықтырған КСРО болып табылады.

Зайырлылықтың екінші үлгісі – сепаратистік үлгі. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.

Зайырлылықтың үшіншісі үлгісі – таңдамалы негіздегі үлгі. Бұл үлгі қоғам үшін ерекше құнды болып табылатын, конституциялық денгейде анықталатын діни басымдықтарды басты тірек етеді.

Жоғарыда айтылып кеткендей зайырлылықтың бірінші түрі – секуляристік (атеистік) үлгі. Қазақстан КСРО кезеңінде зайырлықтың секуляристік үлгісін бастан кешірді. Қазақстан қазіргі таңда зайырлылықтың сепаратистік үлгісін ұстанады. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.

Ал таңдамалы үлгі бойынша мемлекет және мәдинет құрушы дін, дәстүрлі  немесе тарихи дін, басым көпшілік ұстанатын дін секілді бірнеше ерекше мәртебелерді анықтау арқылы таңдау жасалады. Ерекше мәртебеге ие діндер қосымша ерекше құқықтарды иеленеді, ең алдымен, азаматтық қоғамның барлық салаларында – білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құрылымдарында кез келген діни қызметті жүзеге асыру құқығын иеленеді. Батыс Еуропаның көптеген елдері осы таңдамалы үлгі негізіндегі заңнаманы қолданады. Зайырлылықтың сепаратистік үлгісі АҚШ, Нидерланды секілді жекелеген елдерде ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудін бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген, ол табысты түрде іске асырылуда.

Нұрлыбек ӨТЕБАЕВ,

Қарағанды индустриялық университеті жанындағы

Техника-экономикалық колледжінің оқытушысы

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля