Жаңалықтар

Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным

Жылыой ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным» тақырыбында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпаратық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Есқайыров, АТТ мүшесі Н.Төлеуов және М.Малашқызы қатысты. 
АТТ мүшелері: «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алайда, барша тұрғындарды бірдей қамтып, олардың арасында, теріс діни ағым ұстанушыларымен жаппай күресу оңайға соқпайтыны рас»-дей келе, әр азамат ауызбіршілікпен бір шешімге келіп, дәстүрлі дінімізді насихаттап, жат ағымның жетегіне кетпеу үшін бірдей күресу керек екендігін жеткізді. Өйткені, кез келген жат ағым қоғамда қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өз ықпалдарын жүргізуге тырысады. 
А.Есқайыров деструктивті діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттарына, олардың іс-әрекеттеріне тоқталып, салт-дәстүр мен құндылықтарымызды жоққа шығаратын, зайырлы мемлекетімізге қауіп төндіретін ағымдар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік беріп өтті. 
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға мамандар нақты жауаптар берді. Шара 40-қа жуық адамды қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля