«Қазақи салт – дәстүр және Зайырлылық» атты кездесу

Атырау  облыстық ақпараттық түсіндіру  тобының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 тамыз күні «Исатай батыр» шекара заставасында шекарашы жауынгерлермен «Қазақи салт – дәстүр және Зайырлылық »атты кездесу өтті.

          Кездесуге Атырау облысы дін істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығының маманы Е.Насимуллин, АТТ мүшесі Б.Қ.Құлғалиева, Исатай аудандық  ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Н.Хаван  қатысты.

          Ақпараттық – талдау орталығының маманы Е.Насимуллин  кездесу  қонақтарын жауынгерлерге таныстырып кездесу тақырыбының негізгі мәселелерін айтып өтті. Сонымен бірге Діни мәселесіне байланысты қарым – қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасындағы Заңдар мен онда қарастырылған жауапкершіліктері туралы әңгімеледі.

          Кездесу қонағы  АТТ мүшесі  Б.Қ.Құлғалиева қазақ халқының ұлттық  дәстүр – салттары оның  дәстүрлі  дінмен байланысы, теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттары туралы айтты.

          Теолог Н.Хаван Ислам дінінің құндылықтары оның қазіргі зайырлы мемлекеттік құрылыспен үйлесімділігін айтып, салафилердің  кескін – келбетін, қандай негізгі қағидалары барын, олардың қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де зайырлылығын түсіндірді.

          Кездесу соңында жауынгерлерге «Дүрбі» газеті мен қажетті тақырыптың бетшелері таратылды.

          Жауынгерлер өздерін толғандырған діни тақырыпта мағыналы әңгіме айтқаны үшін қонақтарға рахметін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля