Зайырлы мемлекет ұғымы және қағидаттары

          Мақат ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, А.Құнанбаев атындағы орта мектепте «Зайырлы мемлекет ұғымы және қағидаттары» тақырыбында кездесу өтті.

          Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ардагер-ұстаз Р.Үмбетова, Қ.Мыңтұрғанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы,  аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сарбасов қатысып, қоғамдағы діни ахуал мен зайырлылық ұстанымы туралы пікірлерін ортаға салды.

          Кездесуде «Жалпы зайырлылық ұстанымы адамның жеке тұлғасына қаншалықты қатысты?», «Зайырлылық дегеніміз не?», «Мемлекет зайырлы болса, сол мемлекеттің азаматтары да зайырлы бола ма?» сияқты сауалдар аясында қатысушыларға мәліметтер берілді. 

          Кездесу соңында ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля