Иманды ұрпақ — ұлт болашағы

Махамбет ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27 тамызында «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында аудандық балық қорын қорғаубөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өтті.      

Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшесі С.Шотпақов қатынасты.

Тақырып аясында сөз сөйлеген АТТ мүшесі С.Шотпақов: «Халқымыздың имандылыққа негізделген отбасылық тәрбиесі жастарды ұлттық құндылықтарды қастер тұтатын, Отанын, елін жанындай сүйетін жоғары адамгершілікке ұмтылдырып отырған. Демек, бәрі отбасындағы тәрбиеден басталады. Имандылықты адамгершілік қасиеттер әспеттелетін рухани құндылықтардың жиынтығы деуге болады. Ол санамызға берік орныққан соң барлық іс-әрекеттерімізді ізгілік, кісілік бағытқа қарай реттеп отырады. Имандылық әкеден балаға, аға буыннан жас ұрпаққа тәрбие арқылы дариды. Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін даналық сөзінен отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы айқын аңғарылады»-дей келе, имандылық тәрбиесін ұрпақтар сабақтастығынан, отбасылық, ұлттық тәрбиеден бөліп алуға болмайтындығын жеткізді.

Кездесу барысында орталық мамандары ұлт болашағына қауіп төндіретін, дәстүрлі дінімізге қайшы келетін ағымдардың шығу тарихы мен олардан жастарды қалай сақтандыру қажеттігі және оларды қалай ажырату керектігі жөнінде ақпарат берді.

Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля