ИМАНҒАЛИ МЕШІТІНДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Атырау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 4 желтоқсанда «Иманғали» орталық мешітінде экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп шыққан тұлғалармен кездесу өтті. Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы қатысты.

Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Қ.Көшқалиев шет елде отырып, өзін өзі шейх деп жариялаған күдікті адамдардың пәтуасына иланудың соңы – азап екендігін баса айтты. «Терроризм бабымен істі болғандардың дені интернеттен ілім іздеп, адастырушылардың соңынан ергендер. Интернет ілім көзі бола алмайды. Бұл сөзімді Сирия асып, азап шеккендер тағдыры да қуаттай түседі» деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, жазасын өтеп шыққан тұлғалардың «банк картасына» қатысты туындайтын проблемалық мәселелер бойынша мемлекет тарапынан қолдау бар екендігін айтып, Атырау облысының Полиция департаментіне өтініш жазу арқылы жүзеге асатындығын жеткізді.
Өз кезегінде Атырау облысының бас имамы А.Ұтысханұлы жат ағымдардың елізге, асыл дінімізге тигізер зиянын атап өтті. «Қазақ халқы ықылым заманнан ислам дінін, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келген. Бұл мәзһаб біздің ділімізбен, дәстүрімізбен ұштасып жатыр. Дінге келген адам білімді болуы қажет» дей келе, білімді мешіттерден, медрселерден алудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында жазасын өтеп шыққандар жас өмірлерін адасумен өткізгендеріне өкінетіндерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля