Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран билігі жарты ғасырға жуық уақыт бойы қолданыста болған әйелдердің футбол стадионына баруына салынған тыйымның күшін жойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ISNA дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы елінің ақ жаулықтылары үшін бұл қуанышты жаңалықты футбол федерациясының жетекшісі Мәді Тәж бөлісті. Бұл жаңалықты қолданысқа енгізу үшін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңес шешімімен арнайы жұмысшы тобы жасақталады. Қазіргі уақытта ерлер командаларының матчтары кезінде әйелдердің стадиондарға баруына байланысты ұйымдастыру мәселелері талқылануда. Сонымен қатар, әйелдердің барлық стадионға емін-еркін кіре алатыны немесе кейбір, нақты стадиондарда ғана футбол ойынын тамашалай ма, осы арасы белгісіз күйде қалып отыр. Осылайша, федерация басшысы әйелдерге «Азади» (Теһран), «Гол Гухар» (Сиржан), «Нақш-е Жаһан» және «Фулад Шеһір» (екеуі де Исфаханда), «Қиадыр» (Ахваз) стандиондары есігін айқара ашатынын жеткізді. Бұдан бөлек, Иран аумағында тек әйелдер спортына арналған радиобекет жұмысын бастады. Осы орайда бұл елде 1979 жылдан бері әйелдердің стадионға баруына тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Не арқылы: https://islam.kz/

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля