Исатай ауданында жастармен семинар – тренинг өтті
Жастар-еліміздің ертеңгі сенімі. Келешігіміз бүгінгі болашақпен байланысты. Сондықтан жастардың салауаттылығымен қатар, жан-жақты сауаттылығы да өте маңызды. Бүгінгі күннің басты мәселесі — діни сауаттылықтың жоқтығы себепті көптеген жастарымыз теріс діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқаны жасырын емес. Осындай жағдайлардың алдын –алу мақсатында ағымдағы жылдың 22 тамызында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы аясында Исатай аудандық орталық кітапханасында діни радикализм идеологиясының таралуына жол бермеуге, салт – дәстүр мен дініміздің сабақтастығын нығайтуға бағытталған «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында семинар- тренинг өтті.
Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев қатысып, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және мәдени құндылықтарды насихаттауда орталықтың жүргізіп отырған жұмыстары жайында баяндама жасады.
Аталмыш семинар-тренингке Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Р.Есқали, аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Н.Мұрат, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының Исатай ауданындағы теологы Н.Хаван сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Тренингтің «Біз кімбіз?» бөлімін тренер А.Нұрғалиқызы мен А.Құсайынова жастарға арнады. Адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу, арманға қол жеткізу, өзіндік пікір білдіру сынды өмірде қажетті ұстанымдарды үйретті. Семинар — тренингте жастардың белсенділігі байқалып, жоғары дәрежеде аяқталды. Тақырып аясында жастардың дінге көзқарасын білу мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Шара соңында жастар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.