Келер жылы 345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ
«Ашық» НҚА порталында «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта көрсетілгендей, әскери қызметке жарамды, бірақ оны өткермеген запастағы офицерлер келер жылы 4 айға әскери қызметке шақырылмақ.
«Жобаның негізгі мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы Күштерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетін Шекара қызметін, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланды запастағы офицерлермен жасақтау үшін азаматтарды әскери қызметке шақыру», – делінген құжатта. Қаулыға сәйкес, запастағы офицерлер мына әскери құрылымдарға шақырылады:
ҚР Қарулы Күштеріне – 260 офицер;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер;
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер;
ҚР Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер. Осылайша, әскери қызметке жалпы саны 345 запастағы офицер 4 ай мерзімге шақырылады. Бұл бағыттағы шығындар республикалық бюджетте Қарулы күштерге бөлінген қаражат есебінен өтеледі. Қаулы 27 желтоқсанға дейін ашық талқылауда болады.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Келер жылы 345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ | Қазақстандағы Ислам