Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде келелі кездесу өтті

Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін — рухани құндылықтарды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. «Қазақ жастары рухани-адамгершілік құндылықтарды қайдан алады?» деген мәселе бар. 


Осыған орай, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі студенттері арасында «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында кездесу өтті. 


Жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Қадыров, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров, «Saltanat Media Group» ЖШС өкілі С.Қалиева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Унаева қатысты. 


Шараны Орталық басшысы М.Құбышев ашып, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Кез келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтауы мен мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болатынын жеткізді. 


Өз кезегінде С.Қадыров студент жастарға еліміздің өркендей өсіп, дамуына үлес қосатын толыққанды азамат болып қалыптасу, алған білімдерін жүзеге асырып, мемлекет деген механизмнің бір бөлшегі болу жауапкершілігін сезінудің маңыздылығын айтып өтті. 
«Шапағат» қоғамдық қорының теологы М.Омаров тарихқа шолу жасап, қазақ халқының болмысын, салт-дәстүрін, зайырлық құндылықтарды насихаттай келе, жастарды білімді, отансүйгіш азамат болуға шақырды. 


Жиын соңында қатысушылар назарына Орталықтың тапсырысымен дайындалған «Аманат» қысқаметражды фильмі ұсынылып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Қатысушылар саны – 50-ге жуық.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля