Конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды. Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өтті | Қазақстандағы Ислам
