Махамбет ауданында Ветеринариялық қадағалау станциясы қызметкерлерімен кездесу өтті

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес 16 тамыз күні «Діни радикализмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында Аудандық Ветеринариялық қадағалау станциясы қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшелері Ұ.Төлегенов қатысты.

Жиын барысында орталық маманы С.Құжырбаев кездесуге келген АТТ мүшелерімен таныстырып, діни ағымдардың түрлерін, оларды дәстүрлі дінмен салыстыра отырып айырмашылықтарын түсіндірді. Дәстүрлі емес діни топтарды қалай айыруға болатындығын және қалай өз құрықтарына түсіретіндігін айтты. Жусан операциясы бойынша елімізге қайтарылған қандастарымыздың бастан кешкен оқиғалары туралы әңгіме өрбіді.

АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов өз кезегінде: «Сіздер қалыптасқан тұлғасыздар, сіздер адасып, теріс ағым жетегіне кетпессіздер. Ал ұрпақтарыңызды теріс жолдан сақтандыру сіздердің басты міндеттеріңіз.Дүние жүзінде болып жатқан соғыстардың көпшілігі табиғи ресурстар үшін болып жатқаны белгілі. Сондай соғыстарға белгілі бір топтар, мемлекеттер сол жердің берекетін қашыру үшін, соғыс бастау үшін, діннің атын жамылған бүлікшіл топтарды пайдаланып, өз мақсаттарына жетуде. Өкінішке орай, бұл жерлерге біздің жастарымызда алданып барып жатыр. Солардың алдын алу мақсатында өзіміздің, ұрпақтарымыздың діни сауатымызды ашып, теріс ағымдардан бойларыңызды алшақ ұстау керек» деп ойын ашық  жеткізді.

Жиынға қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля