Мақат ауданында флешмоб акциясы өтті
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясы Мақат ауданы жастары арасында жалғасын тапты.
Флешмоб барысында аудан жастары патриоттық әндерге флэшмоб биін орындап, «Экстремизмге жол жоқ», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» деп ұрандатты. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – діни экстремизмнің алдын алу бойынша және діни экстремизм туралы жалпы ақпарат берілді.
Шараға қатысушылар өз тарапынан діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралардың жиі ұйымдастырылуы қажет екенін, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.
Акция соңында флешмобқа қатысушы жастарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бейбіт елдің жастарын ел игілігі жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.