ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мұсылман қауымы үшін айрықша күн — жұмада басталған Рамазан айы баршамызға құтты болсын! Айлардың сұлтанын асыға күтіп, ауыз бекітетіндер саны жыл санап артып келеді. Отыз күн оразада сауап пен батаға кенелу үшін жақсылық істеумен жарысып, ізгілікке асығу көбейеді.

Рамазан биыл Төтенше жағдай кезеңіне дөп келді. Сол себепті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын басшылыққа алуға шақырамын.

Қасиетті айдың негізгі өзегі де нәпсіні тыю, пенденің өзін-өзі сабырлылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Сондықтан сабыр сақтап, бір-бірлеріңізді тәртіпке шақыратыңдарыңызға сенемін.

Баршаның басты тілегі — елдің амандығы мен қауіпті инфекцияны тез жеңуіміз болары сөзсіз. Сондықтан дұға-тілектеріңіз қабыл болып, оразадан оразаға аман-есен жете беріңіздер!

Құрметпен, Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля