Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Жусан» операциясы бойынша қақтығыс аймағынан елге оралған отбасыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу болып өтті.

          Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, қалалық Ішкі саясат бөлімінің Ақпараттық және жастар саясаты жөніндегі сектор меңгерушісі Б.Жанбырбаев, Азаматтық орталық директорының «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша орынбасары М.Есениязова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы А.Сәден, қақтығыс аймағынан оралған әйелдер мен Орталық мамандары қатынасты.

          Аталмыш жиынды Орталық басшысы М.Құбышев ашып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел Тәуелсіздігінің осы кезеңге дейін жеткен жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңдеріне жеке-жеке тоқталғандығын, сондай-ақ, мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталдығын алға тартты.

           Қақтығыс аймағынан оралған әйел азаматшалар Азаматтық орталық директорының «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша орынбасары М.Есениязовадан өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауаптарын алды. Атап айтсақ, жұмысқа орналасу, жол жүру ақысын қарастыру, қажетті анықтамаларын алу, әлеуметтік көмек көрсетілу мәселелері талқыланды.

          Жиын соңында Орталық басшысы М.Құбышев келген қонақтардың барлығына алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля