Сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы аясында облыс көлемінде «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасындағы сурет байқауы жарияланған болатын.

          Жастар ортасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сурет байқауы ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мәжіліс залында қорытындыланды.

          Шара барысында Орталық басшысы М.Құбышев байқауды ұйымдастыруда көзделген мақсаттарға тоқталып, сурет салу шеберлігімен көзге түскен оқушыларға алғысын білдірді. «Терроризмге жол жоқ», «Ұлт достығы – басты байлығымыз», «Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз», «Мәңгілік ел – болашақтың бастауы» тақырыптарын қамтыған сурет байқауына  мектеп оқушылары қатынасты.

          Байқау нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы А.Құсайын, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы Қызыл үй орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ж.Маликов, «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі Л.Менлигалина иеленіп, жүлделі ІІ орынмен «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі В.Потемкин, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №18 М.Сатыбалдиев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы А.Жақсылық марапатталды.

          Ал, Индер ауданы, Есбол ауылдық округі, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы М.Асқаров І орынға лайық деп танылып, арнайы марапатқа ие болды. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

          Байқау соңында ұстаздар қауымы қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған өзекті мәселені қозғап, жас өрендерді өнерлі, жан-жақты етіп тәрбиелеудегі шараның маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля