“Мені сәләфизм ағымынан “Құран” кітабы шығарды…”
Ілім-білім дамыған заманда адасып жүргендер аз емес. Жат ағымның жетегіне еріп, адасқанын түсінгендер де жетерлік. Дәулетжан Момбеков өзінің төрт жыл өзге ағым жетегіне ергенін айтады. Бұл жолдан шығу үшін арнайы Құран кітабын, тура жолды таныған. Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды. Дәулетжан Момбеков өзінің 4 жыл бойы адасып, өзге ағым жетегінде кеткенін мойындайды. Салафизм ағымының мүшесі болған. Тіпті өзге елге соғысқа аттанбақ мақсатпен жүрген. Алайда Құран оқып, кейін көзқарасының дұрыс емес екеніне сөз жеткізіпті. “Мен 4 жыл бойы адасып келдім. Шолақ шалбар кидім. Сақал өсірдім. Сақалдылармен жүрдім. Салафиттермен бірге жүрдім. Олар маған өздерінің кітаптарын берді. Мен соны оқып, ойым өзгеріп кетті. Бірақ ол өздері жазған кітап. Алланың сөзі емес. Мен сол үшін адастым. Ол кезде Сирия жоқ. Шешенстанға барамыз деп дайындалдық. 15-20 жігіт бар еді. Бәріміз дайындалып жүрдік. Біздің санамызды улап тастады. Тіпті біз үшін басқа адамдар ойлайтын болды”, – деді ол. Алматы қаласының дін істері басқармасы ақпарттық-сараптамалық бөлімінің бас маманы Алмас Жаманаманов адасушы азаматтардың бойында қандай белгілер болатынын атап өтті. “Адасушылардың мінезі өзгере бастайды. Ашуланшақ болады. Туыстарымен араласпайды. Өз дегендерін істегісі келеді. Сөзге тоқтамайды. Олар өзгелердің ойымен жүреді. Әсіресе имамдардан емес, жамағаттан ілім үйренеді. Жамағаттың ағымымен бірге кетеді. Дәулетжан біраз жыл адасып жүрді. Кейін мешітке келіп, басқаша намаз оқитынын айта бастады. Хадистердің басқаша айтылып жүргенін түсіне бастайды. Осылайша бізбен жұмыс істей келе тура жолға түсті. Өзінің адасқанын мойындады. Қазір дұрыс намаз оқиды. Ойы өзгерді”, – деді Алмас Жаманаманов. “Мен туыстарыммен екі жылдай араласпадым. Себебі олар ешнәрсе білмейтін секілді көрінді. Хадисте айтылғандай әрекет етпеді. Мен олардан алшақтай бастадым. Менікі ғана дұрыс деп ойладым. Бірде Құран қолыма түсті. Онда айтылғандар менің іліміммен мүлде сәйкес келмеді. Солайша имамдармен сөйлесе бастадым. Солай өзімнің адасқанымды түсіндім. Қазір тура жолға түсірген Аллаға шүкір етемін”, – деді Дәулетжан Момбеков. Үнді радикалдары құлшылық орнын заңмен қудалады 07.08.2023 Садио Мане умра жасады 07.08.2023 Қайнар көзі: stan.kz Тегтер: Құрансалафизм
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: “Мені сәләфизм ағымынан “Құран” кітабы шығарды…” | Қазақстандағы Ислам