Мешітке министрдің аты берілді
Башқұртстан Республикасында ашылған жаңа мешітке елдің бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Анас Хасановтың аты берілді. “Аккуш-Хасания” деп аталатын Алла үйінің ашылуы алдында Уфадағы генерал жатқан қабір басында құран оқылып, ІІМ басшылығы мен туысқандары басына гүл шоқтарын қойып, тағзым білдірді. Мешіт ашылған елді мекен Нижнехозятово ауылы – генерал Анас Хасановтың туған жері. Салтанатты іс-шара басында оның қызы Лилия Хасанова осы мешітті тұрғызуға атсалысқан әкесінің әріптестеріне, ауылдастарына, тауысқандарына алғыс айтты. Жаңа құлшылық үйі башқұрт қоғамындағы құндылықтарды сақтау және бейбітшілікті дәріптеу жолында жұмыс істемек.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мешітке министрдің аты берілді | Қазақстандағы Ислам