«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озды
Қоғамда резонанс тудырған «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің соңғы аптадағы кассалық кірісі 107 млн теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Өткен аптада тарихи фильмге барушылардың қатары көбейген. Фильм 12-15 қазан арылығында кассадан 107 067 000 теңге жинаған. Айта кетейік, фильм экранға 21 қыркүйекте шығып, 4 қазаннан кейін алынып тасталуы керек болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмін прокаттан алып тастау себебін түсіндірген еді. Алайда, халық арасында резонанс туған соң көрсетілімді тағы да ұзарту бойынша шешім қабылданды. Алғашқы аптада фильм кассасы 19 млн теңгемен 8 – орында тұрған. Ал қоғамда резонанс туған соң кассалық кіріс көлемі ақырындап арта бастаған. Атап айтқанда, 5-10 қазан аралығында фильм 6 – орынға көтеріліп, 30 млн теңге табыс тапқан. Ал соңғы аптада рекорд жасап, көрсетілім бойынша 1 – орынға бірақ шықты.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озды | Қазақстандағы Ислам