«Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды

Биылдан бастап балаларға арналған әлемге танымал «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік тілдегі балалар контентін дамыту мақсатында 2021 жылдан бері «Nickelodeon» балалар телеарнасының өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асып жатыр. 2021 жылы «Nickelodeon» телеарнасының 465 сағаттық мазмұны аударылса, 2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады. Биыл 481 сағаттық мазмұнды аудару жоспарлануда, оның ішінде 190 сағат «Nickelodeon» арнасының контенті және 291 сағат «Nick Jr» арнасының контенті қазақ тіліне аударылады. Қазақ тіліне аударылған контенттің аудиожолақтары арнайы FTP-серверге жүктелген. Лицензиялық құқықтардың мерзімі – 2 жыл. Қазақ тіліндегі Nickelodeon бағдарламаларын тарату теледидардың пультінде тілді ауыстыру арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта «Nickelodeon HD» арнасы 100% локализацияланған контентті бағдарламалаумен бірқатар кабельдік операторларынан (Қазақтелеком, TVCom, Beeline, т.б.) бөлек эфирге шығады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля