Мақалалар

Мұсылман елдеріндегі «зайырлылық» сипаты

Мұсылман елдерінде зайырлылықтың пайда болуы мен тарихи дамуы және жүзеге асырылуы батыс елдеріндегіден өзгеше. Себебі, Ислам әлемінде діни билік пен саяси билік арасында батыстағыдай қақтығыс болған емес.

Ислам елдерінде XIX ғасырдың басынан бастап байқалған секуляризм процесі ішкі динамикадан гөрі сыртқы динамиканың дамуының әсерінен басталған. Бұған қоса алғанда, I және II дүниежүзілік соғыстардан кейінгі жылдары тәуелсіздігін алған мұсылман елдері және олардың ұлттық мемлекет ретінде қалыптасуымен бірге дін мен мемлекет арасындағы қатынастар, мемлекеттің жеке үстемділігі және басқару тәсілі туралы пікірталастар қайта жанданып, әртүрлі тенденциялар мен интеллектуалды формациялар пайда болды.

Осылайша бұл дәуірде өмір сүрген Ислам ғұламалары, «Халифат (Билік) діни емес, дүниелік мәселе болғаны үшін, жергілікті ұлтқа берілу керек» деп мәлімдеген Осман империясының ғалымы Сайид Бей және «Ислам дінін мемлекеттік өмірден мүлдем аулақ ұстау керек» деген мысырлық ғалым Али Абдурразик «Әл-Ислам уә ушул л-Хукум» деген еңбегінде талқылады.

Сонымен қатар, Ислам биліктің (басқару жүйесінің) қайнар көзі екенін және мемлекеттің басқару жүйесі Ислам қағидаларына сай болу керек деген пікір білдірген ғұламалардың да пікірлері өз орнымен талқыланып жатты.

Тәуелсіздікке қол жеткізу барысында көптеген Ислам елдерінде, билік басына келген саясаткерлердің басым көпшілігі батыстық білімі бар зиялы қауым өкілдерінен құралған. Бұл азаматтар Исламды модернистік тұрғыдан түсіндіруге немесе зайырлықты және ұлтшылдықты негізге ала отырып саясат жүргізуге бейім болған.

Бұл әрекеттерінің нәтижесінде саясатта, заңда және білім беру саласында батыстық модельдерді қабылдауға күш салумен секуляризация процесі де, өз деңгейінде жүзеге асырылды. Осылайша құқық пен білім беру саласындағы мамандар рухани және дәстүрлі ұстаздардың қолынан алынып мемлекеттің бақылауында өтті. Ал, кейбір елдерде діни қызмет және рәсімдер тікелей мемлекет тарапынан реттелді.

Ислам елдеріндегі секуляризация процесінде назар аударатын ең маңызды мәселе, Батыс елдеріне тән тарихи-мәдени тәжірибесінен пайда болған және бірнеше ғасырлар бойы дамыған принциптер мен институттар тарихи дәстүрлерге, тәжірибелер мен құндылықтарға күмән келтірмей, басқа географияда орналастыруға тырысады.

Конституциясында, мемлекетін зайырлы деп көрсеткен Түркия, Нигерия, Сенегал сынды елдер шариғат заңдарына негізделген басқару әдісін негізге алды. Бұлардың ішінде Сауд Арабиясы және Иранды қоспағанда, мұсылмандар басым болған елдердің басқару жүйесі аралас және эклектикалық құрылым болып қалыптасты. Дінге сүйенген елдердің конституциялары мен құқықтық жүйелері батыстық модельдерге негізделген.

Ұлттық идеологиялар, мемлекеттік институттар, саясаткерлер мен партиялар да зайырлы елдердегі ұстанымға сай. Ислам елдерінде кейбір діни-саяси формациялар, жергілікті әрі бір-бірінен тәуелсіз пайда болған діни бірлестіктер және студенттер мен зиялы қауым өкілдері арасында негіз табу арқылы дамығандығы байқалады.

Египеттегі «Ихуан-и Муслимин» және Пәкістандағы «Джамағат-и-Ислами» жамағаты зайырлылық тәжірибелеріне қарсы діни-саяси топтар қатарына жатады. Бұл және бұған ұқсас басқа да топтар исламдық қауымдастық құруды мақсат етеді және ислам елдеріндегі жат құндылықтардың орнына жергілікті құндылықтарды насихаттайды және діни өмірдің ерекше және әлеуметтік аспектілерін жүзеге асырады.

XIX ғасырда батыстықтар, жоғарғы басқарушы элитаны зайырлы ретінде санады. Ал, ХХ ғасырдың басынан бастап батыстық білім алған жаңа ұрпақ бұл құндылықтарды тез қабылдады. Екінші жағынан, зайырлылықты жақтайтындар да, зайырлылыққа қарсы топтар да өздерінің тезистерін дәлелдеуде діни доктринаны кеңінен қолдануға тырысты. Ал, қоғамды өздерінің көзқарастары мен қағидаларына сәйкес қалыптастырғысы келетін осы тенденциялар арасындағы қатынастар кейбір Ислам елдеріндегі қоғамдық бейбітшілікке және төзімділікке елеулі әсер етті.

Осы жалпы кіріспеден кейін басқа да Ислам елдеріндегі зайырлылық тәжірибесіне қатысты келесі ерекше жағдайларды айтуға болады:

Ресми түрде Түркия Республикасы зайырлылықты 1937 жылы қабылдаса да, зайырлылық қағидалары республика болуымен басталған. Гүлхане Хатты Хумаюмның жариялануымен сот құрылымында және қолданыстағы заңдарда маңызды өзгерістер енгізіле бастады.

Бұл кезеңде коммерциялық, қылмыстық, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі азаматтық құқық саласы болып батыстық және зайырлы сипат алды. Шариғат соттарының таратылуы, халифаттың жойылуы, Біріктіру заңының қабылдануы, медресселер мен дін ғұламаларының кесенелерінің жабылуының нәтижесінде, 1937 жылы зайырлылық конституциялық қағида ретінде анық көрсетілді.

Зайырлылық қағидасы 1961 және 1982 жылғы конституцияларында өзінің орны мен маңыздылығын сақтап қалды. Ал, 1982 жылғы конституцияда зайырлылықты өзгертуге болмайтын баптардың қатарына қосып, республиканың негізгі сипаттамаларының бірі ретінде өзгертуді ұсынды (4-бап). Зайырлылықтың ең маңызды дәлелі – дін мен ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету және жергілікті барлық діндерге бірдей қарым-қатынаста болуы.

1982 жылғы Конституцияда, әркімнің діни сенім мен ар-ождан бостандығына ие екендігі, 14-баптың ережелерін бұзбаған жағдайда, ғибадат ету және діни рәсімдерде әркімнің өз еркі екендігі, дін және тәрбиешілік ұстаздарын оқыту мемлекеттің бақылауымен жүзеге асатыны және бастауыш және орта білім беру мекемелерінде діни мәдениет пен адамгершілік тәрбиелеу сабақтарын міндетті пәндер арасында болатыны білдірген.

Екінші жағынан, ешкім діни немесе діни сезімдерді немесе дін қасиетті деп санайтын заттарды саяси немесе жеке пайда табу немесе ықпал ету мақсатында немесе мемлекеттің негізгі әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтық тәртібін діни ережелерге негіздеу үшін асыра және теріс пайдалана да қолдана да алмайтыны жайында үкім шығарған. 24-бапта аталған 14-бап негізгі құқықтар мен бостандықтарды демократиялық және зайырлы республиканы жоюға бағытталған қызмет түрінде пайдалануға тыйым салады.

Сонымен қатар, негізгі құқықтар мен бостандықтардың тоқтатылуын реттейтін 15-бапта соғыс, әскери жағдай немесе төтенше жағдайлар кезінде де тоқтатыла алмайтын негізгі құқықтарды реттеу кезінде ешкімге өз дінін, ар-ұжданын, ойлары мен нанымдарын білдіруге мәжбүр бола алмайтындығы айтылған. Конституциядағы зайырлылыққа қатысты маңызды ережелердің бірі де – Дін істері басқармасы туралы ереже. 136-бапта «Жалпы әкімшілік құрамына кіретін Дін істері жөніндегі төрағалық зайырлылық қағидасына сәйкес өзінің арнайы заңында көрсетілген міндеттерді барлық саяси көзқарастар мен идеялардан аулақ болу және ұлттық ынтымақтастық пен интеграцияға бағыттау арқылы орындайды» деп көрсетілген.

Зайырлы елде Дін істері жөніндегі басқарманың болуы ара-тұра сынға ұшырағанымен, діни қызметтерді қауымдастықтарға қалдыру белгілі бір проблемалар тудыруы, топтастыруы және ұлттық бірлік пен тұтастықты бұзуы мүмкін деген пікірлер негізге алынған. Конституциялық соттың пікірінше, христиан дініне қарағанда, әлеуметтік-қоғамдық өмірді реттейтін исламды теріс пайдалану мемлекеттің зайырлылық қағидасының жойылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен де, Дін істері басқармасының болуы, конституциялық институтың құрылу тарихы мен жергілікті халықтың қажеттілігі болып табылады және Дін істері басқармасының діни қызметкерлер тобының болуы конституцияға қайшы келмейді.

Ал, Араб елдеріндегі дін мен мемлекет қатынастары біркелкі деп айта алмаймыз. Египетте зайырлы заң институттарының құрылуы және зайырлылық процесінің басталуы Египет губернаторы Хидив Исмаил Паша кезеңінен басталады. XIX ғасырдың аяғында, Египеттіктердің жалпы ұлтшылдары зайырлылықты құптаған. Екінші жағынан, 1928 жылы пайда болған «Ихван-и Муслим» қозғалысы исламдық қоғамға және шариғи басқару жүйесіне шақыру арқылы, зайырлы процеске қарсы тұрды.

Алайда Египеттің құқықтық жүйесі Исмаил Пашадан бастап Батыстық жүйеге көшу және секуляризациялау процесін жалғастырды. Египеттің қолданыстағы конституциясында мемлекеттің діні – ислам және заңнаманың қайнар көздерінің бірі – ислам құқығы делінгенімен, Француз құқығы негізгі құқықтық салаларында көбірек ықпал еткен. Ислам құқығы «Ахуәл-и шахсийе – Азаматтық құқық»   саласында шектеулі түрде қолданылған. Алайда «Ихван-и Муслим» ұйымының және ұлттық білім беру басқармасы Әзһар университетінің білім беру жүйесіне әлі де ықпалға етуде.

Сирия мен Ирак исламды мемлекеттің ресми діні ретінде қабылданғанымен, әкімшілік басқару жүйесі зайырлы негіздер мен тәжірибелерге негізделген, әсіресе социалистік Баас режимі үстем болғаннан кейін. Екі елде де, Египет мысалындағыдай, ислам құқығына қатысты «Ахуәл-и шахсийе – Азаматтық құқық» саласында шектеулі тәжірибеге ие. Сонымен қатар, Ислам заңдарын жүзеге асыру және ислам құндылықтарын қоғамдық өмірге қосу талаптары авторитарлық Баас режимімен орындалды және жазаланды.

Француздардың отарлауында болған Тунис, Алжир мен Марокко сияқты Солтүстік Африка елдерінде ислам, отаршыл державаларға қарсы әлеуметтік ынтымақтастықтың негізін құрды және бастапқы сәйкестікті анықтауда маңызды рөл атқарды. Осыған қарамастан тәуелсіздік алғаннан кейін, билікке келген саяси элита зайырлылық тұрғысынан Француз үлгісін ұстанды. Тунис – бұның ең көрнекті мысалы деуге болады.

Тунисте шариғи соттар мен діни қорлар таратылды, діни мекемелер мемлекеттік бақылауында ұстала бастады және құқық саласында маңызды өзгерістер жасалды. Жоғарыда аталған Солтүстік Африка елдеріндегі экономикалық қиындықтар мен діни саясат Тунистегі «Хизбун-нехда» және Алжирдегі «әл-Жәбһату л-Исламиия ли л-Инказ» (Front Islamique du Salut / FIS) сияқты дінге негізделген оппозициялық қозғалыстардың шығуына себеп болған. Сондай-ақ, демократиялық механизмдердің жасырын жүзеге асырылуы, әлеуметтік қақтығыстардың туындауына әкелді.

Шиизмді мемлекеттік саясат ретінде қабылдаған Иран, зайырлылыққа бағытталған әрекеттер Пехлеви әулетінің орнауынан басталады. Риза шах пен оның ұлы Мұхаммед Риза шах, Пехлевидің заманында модернизация мен зайырлылыққа бағытталған тұрақты күш жұмсады. Ислам құқығын зайырлы заңдармен алмастырылды, діни соттардың қызметін әлсіретіп зайырлы білім беру жүйесін құруға тырысты, діни мекемелер мемлекеттің қатаң бақылауына алынды және ғұламалар тобының құзыреті азайтылды. Алайда, шиіттер әлеміндегі ғасырлар бойы жалғасып келген дәстүрлердің және дәстүрлі халықтың массасы мен экономикалық қиындықтармен күресіп жатқан көпес таптарының наразылығын тудырды. Осылайша, Шах пен оның режимін құлатқандар жаппай көтерілістің пайда болуына әкелді. Бұл ел 1979 жылы Әйетулла Хомейнидің басшылығымен ғұламалар, базардағы саудагерлер мен өндіріс ошақтарының қызметкерлері, зайырлы иран ұлтшылдары, кейбір марксистер мен жоғарғы білімі бар әйелдер мен ерлердің қатысуымен болған төңкерістен кейін, дәстүрлі діни институттар мен түсініктің ықпалына үстем болды.

Ислам әлемінің ең көп халқы бар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның ислам елдерінде аймақтың саяси, тарихи, діни, мәдени және этникалық құрылымынан туындайтын айырмашылықтарды үйлестіретін әртүрлі басқару формалары бар. 1947 жылы тәуелсіздік алған Пәкістан әрқашан өзінің құрылу мақсатына сәйкес ислам республикасы ретінде анықталса да, зайырлы мемлекет ретінде басқарылды. Сондай-ақ, құқықтық құрылымы – ислам заңдары мен зайырлы заңдардың жиынтығынан тұрады. Осы себептен де билік басындағылардың қалауына байланысты кейде исламдық, кейде зайырлы тәжірибелер басым болатындығы байқалады.

Халқының шамамен 85%-ы мұсылман болатын және халқының саны жағынан ислам әлеміндегі ең үлкен мемлекет болып табылатын Индонезияда тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы және ұлтшыл көзқарастары бар ислам топтарының тенденциясын білдіретін партиялар құрылды және парламенттік режим пайда болды.

Сукарно және одан кейінгі Сухарто дәуірінде, діни құндылықтардың маңыздылығы жеке адамдардың өмірінде қабылданғанымен, зайырлы қатынас негізінен діни мекемелер мен басшылардың саясаттан аулақ екендігіне баса назар аударылды. Алайда Индонезияда зайырлы әрі діни соттар әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Халықтың 45%-ы мұсылман болған Малайзияда ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданады. Ислам діні – Малайзия халқының ұлттық ерекшелігін құрайтын элементтердің бірі ретінде қабылданған. Орталық үкіметтен бөлек, он үш штаттан тұратын Малайзияның тоғыз штатында, өздерінің діни соттары бар. 1960 жылы өз тәуелсіздігін алған Сенегалдың басқару стилі мен институттары француз үлгісіне сәйкес келеді. Сенегал конституциясында мемлекет зайырлы және демократиялық республика деп көрсетілген. Ал, 1972 жылы күшіне енген «Отбасы туралы» және жеке және мұрагерлік құқығы бойынша зайырлы және ислам құқығын таңдауға мүмкіндік береді.

Африкадағы назар аудару керек болған тағы бір мемлекет – Нигерия. Мемлекеттің зайырлы сипаты конституцияда болып саналады деген және «Жоғарғы үкімет немесе кез-келген аймақ, кез-келген дінді мемлекеттің ресми діні ретінде қабылдай алмайды» деп көрсетілген. 1986 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына кіруге шешім қабылдаған Нигерия үкіметі осы үкімге байланысты елдегі христиан қауымдастығының қарсылығына тап болды. Осыдан кейін президент әртүрлі діни топтар арасындағы диалог пен пікір алмасуды жеңілдету үшін Дін істері жөніндегі консультативтік кеңесті құрды, оның мүшелерін мұсылмандар мен христиандар арасынан тағайындады. 1999 жылы мұсылман халқы шоғырланған солтүстік аймақтағы Замфара мемлекеті ислам заңын күшіне енуге шешім қабылдады және тағы он бір солтүстік мемлекет екі жыл ішінде осындай ереже қабылдады. Бүгінгі күні қос құқықтық жүйесі бар елдерде, шариғат заңдары жартысында, ал екінші жартысында зайырлы ағылшын құқығы қолданылуда.

1985-1990 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін егемендігін алған және көпшілігі мұсылман болған елдердің барлығы дерлік зайырлы мемлекеттік тәртіп қабылданды. Соның бірі – тәуелсіз Қазақстан. Ислам елдеріндегі зайырлылық бағытындағы діни-мемлекеттік қатынастар мен дамулар әрдайым жергілікті және батыстық зерттеушілердің назарынан тыс қалмады және осы тақырыпта үлкен әдебиеттер жазылды. Дін мен мемлекет арасындағы қатынастардың дұрыс және ымыралы негізде орнатылуы маңызды рөл атқарады. Ислам әлемінде заңдылықтардың өзгеруі немесе әрекеттері осы қызығушылықты сақтауда маңызды рөл атқарды.

Исатай Бердалиев

Ислам құқық ғылымдарының докторы

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 985Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля