Мәшһүр Жүсіп ұстаған Құран

Заманында Мәшһүр Жүсіп­тің өзі қолданған жеке заттары облыс орта­лығында­ғы көрмеге әкелінді. Құран кіта­бы мен кітап қоржыны, тіс тазалағышы және қол­жаз­баларының көшірмесі көп­шілікке ұсынылып, жұрт­шылық ұлыдан қалған жәдігерді тамашалауға асықты. Көшпелі халқымыз ала қоржынмен ас-суын алып жүрсе, Мәшһүр Жүсіп атамыз сапарлай қалса жанынан тас­тамайтын қоржыннан қолжазбалары мен кітаптары үзілмеген. Ғұламаның тері сіңген көне қоржынына кезін­де талай маржан дүниелердің тең­дей салынғаны анық. Ал тіс тазалағы­шы да қызық жәдігер. Ерекше қатты ағаштан жасалған, ұзын бойына тілігі бар. Баянауыл жерінде тұзды көл­дер жеткілікті, сол кездегі адамдар тіс пастасының орнына тұзды көлдердің жағасына жиналатын минералды тозаңды пайдаланған екен.

«Ташкент, Бұхара, Самарқанға бар­ған сапарларында Мәшһүр атамыз тіс тазалауға арналған құралды, қазіргі тіс щеткаларының түп бейнесін көріп сатып алған, өзі де қолданған, жұртқа да ұсынған. Осылайша, ол қазақтар­ды басқа халықтарда барды үйрену­ге шақырған. Атамыз ағартушылық қызметпен де айналысқан. Мұраға қал­ған заттары арқылы қасиет иесінің тылсым сыры мен әулиелігін әйгілеу мақсат етілуде. Жалпы, осы уақытқа дейін біздің қоғам Мәшһүр Жүсіп Кө­пейұлын ғалым, оқымысты ретінде ғана танып келген еді» дейді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі, ақынның мемориалдық мұражайының басшысы Әсет Пазылов. Көзі тірісінде Құранның небір түрін ұстаған ғұламаның әйгілі көк Құранын, өкінішке қарай, көрмеден көре алмадық. Мәшһүр Жүсіп өмірінде жалғыз ғана суретке түскенін, оған себепші болған досы Әбдіразақ Аллажарұлы болғанын айтуымыз керек. Сол суретте атамыздың шапанынан Құран кітаптың шеті шығып тұрғанын аңғаруға болады. Керекулік фотограф Дмитрий Багаев суретке түсіріп жатқанда ғұлама «Иелерім шошиды» деп, құранды кеудесіне басып қойған. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, ол Құран кітап та Ескелдідегі мұражайда сақтаулы тұр. Айтып өтейік, бұл күндері Бұқар жы­рау атындағы әдебиет және өнер музе­йінде Мәшһүр Жүсіп Кө­пейұлының 165, Сұл­танмахмұт То­райғыровтың 130 жыл­дығына ар­нал­ған «Бабалар мұрасы» атты та­қ­ы­­рыптық көрме жұмыс істеп тұр.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мәшһүр Жүсіп ұстаған Құран | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля