Оңшыл радикалдардың әрекетін толық бақылау қолға алынды

Неміс қауіпсіздік органдары мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатқан оңшыл радикалдардың әрекетін толық бақылауда ұстады. Бұл туралы ТАСС қарсы барлау қызметін атқаратын Конституцияны қорғау басқармасының басшысы Томас Хальденвангқа сілтеме жасап хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Жағдай қауіпті бетбұрыс алуы мүмкін деген болжамдар пайда болған кезде біз Бас прокуратурамен және полициямен бірге тез жұмыс іәрекет еттік», — деді ол сәрсенбіде ZDF  телеарнасынын эфирінде . «Жалпы, қауіпсіздік органдары жағдайды үнемі бақылауда ұстады». Бұған дейін Германияның Бас прокуратурасы елдегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолын кесу туралы хабарлаған болатын. Неміс барлау органдары ауқымды операция аясында 50-ден астам күдіктінің 25-ін ұстады. Операция Германия тарихындағы ең ірі операцияның бірі болды. Тінту жұмыстары Германияның 16 федеративтік штатының 11-інде, 130-дан астам үй мен пәтерде жүргізілді. Сонымен қатар, лаңкестік ұйым ірі және тармақталған болып шықты: оның құрамына пруссиялық княздарының мұрагері, саясаткер, әскерилер, Қорғаныс министрлігінің арнайы күштерінің сарбаздары кірген.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Оңшыл радикалдардың әрекетін толық бақылау қолға алынды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля