Жаңалықтар

СЕМИНАР ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Атырау сервис колледжінде «Шапағат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Айтуов ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-490 баптарына тоқталды. Ондағы мақсат қазіргі таңда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын парақшаларға тіркелген жастар санының артуы екенін баса айтты. Атап өтсек, Атырау сервис колледжінің өзінде әлеуметтік желілерде қауіпті діни ақпарат   насихаттағаны үшін 17 студент анықталған. Сондықтан маман қазіргі жастарды тәуелді қылған әлеуметтік желідегі діни мағлұматтарға аса сақтықпен қарауға шақырды.

Семинар аясында «Шапағат» қоғамдық қорының тарихшы, дінтанушы маманы Е.Абзалов және теолог маман У.Ким студенттердің діни иммунитетін қалыптастыру, дес труктивті діни ағымдарды ажырата білу, қауіп қатерін түсіну бағытында жастарға кеңес берді.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля