Жалған хабар таратқандарға қандай жаза қабылданады?

Бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқандар қалай жазаланатыны туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты, деп Вaq.kz хабарлайды.

Жалған «жарылғыш зат» қойылатын нысандар олар көбінесе адамдар көп жиналатын орындар, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері, көлік инфрақұрылымының объектілері болады. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында мұндай қылмыстармен күресуге барлық мүмкіндік бар, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, — деді Дархан Разуев.

Оның айтуынша, қоңырау шалған адам дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да, ол бәрібір табылады.

Қылмыстардың 90 пайыздан астамы «ізі суымай» кезекші тәулікте ашылды. Статистикаға сүйенсек, соңғы он жылда осы санаттағы қылмыс едәуір азайды. Атап айтқанда, 2011 жылы 123 факті тіркелген болса, былтыр 50 факті тіркелген. Биыл 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркелді, оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды, — деді ол.

Разуевтың айтуынша, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қайырымдылық: 50 мешіт қызметкерлері қатысты

Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс. Сонымен қатар осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды ата-анасы өтейді, — деді ол.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля