Терроризмді насихаттаған шетелдіктер ұсталды
28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Терроризмді насихаттаған шетелдіктер ұсталды | Қазақстандағы Ислам