44 қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Оның сөзінше, Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, өңірдегі жағдайды талқылаған. Министр қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізген. Сонымен қатар 11 қарашада СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Араб мемлекеттерінің лигасы және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысты. Кездесуде отандастарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және тезірек шығу мәселесін талқыланды. Осы келіссөздердің, сондай-ақ Қазақстанның Мысырдағы, Йорданиядағы, Израильдегі елшіліктерінің нақты іс-қимылдары арқасында бүгін біздің отандастарымызды Газа секторынан эвакуациялау басталды. Бүгін 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау жоспарланған, – деді Айбек Смадияров брифингте. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшелері кіреді. Біздің елден басқа эвакуация жасап жатқан 9 елдің өкілі бар. Олар: Морокко, Йордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ. Рафах бекетінен барлығы 594 адамның өтуі жоспарланған. Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан Рафах бақылау-өткізу пунті арқылы жүзеге асырылады, – деді ол. Смадияровтың айтуынша, өткізу пунктінен өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге автокөлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі. Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар Каирден Рафах пунктіне жолға шығып, 1 сағаттың ішінде сол жерге жетуі керек. Жеткеннен кейін сол жерде Мысыр, Палестина Газа секторы биліктерімен бірлесіп, тізімдерді қайта тексеріп, 44 азаматты Газа секторынан шығарып алуға барлық әрекетті жасайды. Бүгін күн батқанша осы іс бітеді деп жоспарлап отырмыз, – деп түсіндірді СІМ ресми өкілі.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: 44 қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля