Университет студенттерімен кездесу өтті
Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттеріне «Рухани құндылықтарды жаңғырту-радикалды идеологияның алдын-алу құралы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге сондай-ақ білім саласының ардагері, облыстық АТТ мүшесі С.Сапанов, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Д.Мұхамбеталиев, «Жардем-Атырау» корпоративтік қорының теологы А.Оразов қатысты. Университет ректоры С.Идрисов шараның мақсат-маңызына тоқталды.
Бүгінгі жаһандану заманында ұлтты ұлт қылып ұстап тұрған құндылықтарды сақтап қалудың маңызы өте жоғары. Салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы аяқ асты болып, ділінен айырылған ұлт бірте- бірте жер бетінен жойылып немесе ұлттық бет-бейнесі әлсіреп, өзге ұлттар мен өзге идеологиялардың құрбаны болып кететіні анық.
Бұл туралы сөз алған білім саласының ардагері С.Сапанов кеңінен әңгімелеп, діни ахуал күрделеніп тұрған қоғамда қазақ халқы үшін өз тарихына үңіле білу, салт- дәстүрі мен мәдени, ұлттық құндылықтарын берік ұстану ұрпақтар сабақтастығын болашаққа жалғаудың, ұлт болып ұйысудың бірден — бір жолы екеніне тоқталды.
Ақпараттық талдау орталығының «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Д.Мұхамбеталиев ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік, теріс діни ағымдар, ұлттық құндылықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында «Tiktok», «Instagram», «Facebook» және «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде кез келген діни ақпарат жариялауға тыйым салынғанын атап өтіп, діни материалдарды бөлісуде, «ұнату» белгісін басу кезінде сақ болуға шықырды.
Кездесуде діни теріс ағымдар мен радикалдық идеологиялардың алдын алуда рухани құндылықтарымызды сақтау, күнделікті өмірімізге терең енгізу туралы баса айтылды.