Халал өнім расында адал өнім бе?

Кейбір «Халал» өнімдердің құрамынан шошқа ДНК-сы анықталды. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады. Кейінгі жылдардағы молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижесінде осындай қорытынды кездеседі. Алайда, азық-түлік сынамалары биыл жүргізілген жоқ. Мұны уәкілетті органдар да жоққа шығармайды. Сонда «Халал» таңбасы тек қағаз бетінде ғана ма? Сөрелердегі тауардың сапасы олардың сипаттамасына қаншалықты сай келеді? Халал ма жоқ па? Осыны анықтау үшін жыл сайын 30 мыңнан астам өнімнің сынамасы алынып, зерттеуден өткізіледі. Нәтижесінде соның 12-15%-і қауіпсіздік талаптары сақталмаған болып шығады. Көбі таңбалауға қойылатын талаптарға сай емес. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Ведомство 2015 жылдан бері өнімдердің техникалық талаптарына сәйкестігін бақылайды. Алайда, азық-түлік құрамына қатысты сынамалар биыл жүргізілген жоқ. Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:  – Халал өнімдеріне талаптар қойылмайды техникалық регламенттерде. Бірақ біз осы бақылау өткізгенде таңбалау. Нормаларына сәйкес болмаса. Бұндай бұзушылықтар олар фальсификацияға жатады және тұтынушыларды алдау. Осындай зерттеулерді жыл сайын бір мыңнан астам сынама алынады. Оның ішінде 7-8% сәйкес келмейді. Қазақстанда 4 мыңға жуық өндірушінің “Халал” сертификаты бар. Өнімнің сапасы оның құрамына байланысты. Көбіне шикізатты үнемдеу үшін өндіруші шұжыққа қосатын етті басқа қоспамен алмастыра алады. Сорақысы сол, цех шұжықтың толық құрамын көрсетпеуге құқылы. Нәтижесінде тұтынушы алатын тауар жапсырмада көрсетілген сипатқа сәйкес келмейді дейді сарапшылар. Қадыржан Мақанғали, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, PhD докторы: – Халал және халал емес өнімдерді қатар шығаратын кәсіпорындар бар. Сондай өндірісте құрал-жабдықтар дұрыс тазаланбаса, өнім ластанады. Екіншіден шошқа элементтері бар қоспаны пайдаланатындар бар. Мысалы, шұжық жасағанда жануарлар ақуызын жиі қосады. Ол Қазақстанда жоқ.  Негізінен импортталады. Ақ ұнтақ тәрізді қоспаны шұжықтың құрылымын жақсарту үшін қолданады. Шетелден әкелінген ақуыз «Халал» деп таңбаланса да,  құрамында да шошқа болуы ықтимал. Ал тұтынушы оны байқамайды. Бұл өндірісте экономикалық тұрғыдан да тиімді болуы мүмкін. Осы кәсіппен айналысатындарды аккредиттеу де өзекті мәселелердің бірі. «Халал» сертификаттарын мемлекеттік органдар бермейді. Бұл ретте кәсіпорындар өз өнімін өндіріп, сертификаттай алады. Марат Сәрсенбаев, «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы: – «Пісірілген жұжықтар далпы жіктеуіштер деген стандарт» бар. Сол стандарт бойынша, қандай өнімдер қосылады. Қандай өнімдер қосылмайды соны біз жасадық. Екінші қызмет көрсету органдарына СТРК «туристік экскурсиялы классификатор» деген стандарт жасадық. Бұрын соттасуға мүмкін емес еді. Ал мына стандартардың базасында, оны жасамағандарды сот органы қарай алатын болды. Ал енді келесі ступень, аккредитация өтетін болса, олар түгел мемлекеттің бақылауында. Жұмыстың бәрі дұрыс жүріп, сол Үкімет белгілеген стандарттың аясында жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Пока ол мәселе жоқ. сондықтан үкімет әлі оны түбегейлі тексеріп, қарай алмайды. Өкінішке орай.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Халал өнім расында адал өнім бе? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля