Шымкент: 3000 кітап таратылды

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Шымкент орталық мешітінде намазды жаңадан үйренушілерге «Намаз үйренейік» кітабы үлестірілді.

Іс-шараға қалалық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы өкілі Қазыбек  Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.

Еркебұлан Қарақұлов уағыз айтып, қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізді. Осыдан кейін Қазыбек Сарыбаев сөз алып, халал мәселелері және ҚМДБ-ның 30 жылда жетістіктері жөнінде кеңінен айтып берді. Сондай-ақ кітапты әзірлеген Мұхамеджан Естеміров шағын кітапта намазды жаңадан үйренушілерге қажетті  мағлұматтар толық енгізілгенін және Ханафи мазһабы негізінде жазылғанын атап өтті.

«Намаз үйренейік» кітапбына «Әжелер» мектебі мен мешіт жанындағы «Тауаф Қажылық» тобының мүшелері қаржылай қолдау көрсетті. Жалпы, 3000 данамен жарық көрген кітап мешіттерге тегін үлестірілді.

 

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля