Шығарма жазу байқауы Құрманғазы ауданында қорытындыланды

          Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен аудан жастары арасындағы «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты шығарма жазу байқауы қорытындыланды.        

          Қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру мақсатында өткен шығарма байқауына ауданның 9 мектебінен 20 оқушы қатынасты.

          Байқау қорытындысы тәуелсіз төрешілер арқылы оқушылардың қатысуынсыз өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Н.Амантайұлы және облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Б.Е.Серікұлы мен орталық маманы Д.Қ.Алпысбайұлы шығарма додасын қорытындылады.

           Нәтижесінде Крупская жалпы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Камалова Әсемгүлдің «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі» тақырыбындағы еңбегі үздік деп танылып, жүлделі І орынды иемденді. Байқаудың жүлделі ІІ орнына Сүйіндік жалпы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Нұрымова Айсәнімнің шығармасы лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІІ орын Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қазимова Раушанға бұйырды. Қалған қатысушыларға  алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля