Жаңалықтар

Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

5 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі өтеді. Фестивальдің мақсаты – Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, оның әндерінің ұлттық музыкалық мәдениеттегі орнының ерекше екенін көрсету. Концерттік бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың танымал туындылары заманауи өңдеуде және кәсіби орындаушылардың шеберлігі арқылы жаңаша ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальге арнайы шақырылған шетелдік өнерпаздар – İlkim Eylül İlk (Түркия), Сарвиноз Камалова (Өзбекстан), Альфия Каримова (Башқұртстан), Michelle Joseph (Моңғолия) және Вреж Киракосян (Армения) қатысады. Іс-шарада «Қазақконцерт» ұйымының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары да бірлескен қойылымдар ұсынады. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртістері және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің Камералық ансамблі өнер көрсетеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 22 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля