Қазақстанда «114 Қауырт желі» сенім телефоны іске қосылды.

«114 қауырт желісі» — бұл дін туралы барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін, сонымен бірге деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шексеңіз психологиялық және құқықтық көмек көрсететін тегін колл-орталық және чат-сайт. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық аму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ мемлекеттік гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен іске асырылған.
Мамандар сіздердің өтініштеріңізді телефон және онлайн-режимде қазақ және орыс тілінде қабылдайды. «Қауырт желінің» барлық операторлары білікті дінтанушылар болып табылады және дін тақырыбындағы барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Егер сұрақ арнайы маманды қажет етсе, оператор сіздің мәселеңіздің сипатын анықтап, сізді теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстырады. Барлық кеңес берулер тегін және конфиденциалды түрде өтеді.

«114 қауырт желісі» аптасына 7 күн 9:00-18:00 дейін жұмыс жасайды.
«Қауырт желіге» қалалық немесе ұялы телефоннан келесі номерлерге қоңырау шаласыз: 114 (қалалық), 8(800)-0805-114 (ұялы телефоннан). Сондай-ақ, сіз кері қоңырауға тапсырыс бере аласыз немесе сайттан онлайн-кеңес ала аласыз: www.114.kz

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля