Жаңалықтар

Құқық қорғау органы өкілдеріне арналған семинар өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының мәжіліс залында 8 қазан күні Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне және облыстық Жергілікті полиция қызметі құрамына арналған семинар өтті.

Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Е.Биғамбаев, Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен облыстық жергілікті полиция қызметінің құрамы қатынасты.

Семинар барысында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев қатысушыларға жат ағымды дәстүрлі діннен қалай ажырату керектігі жөнінде түсіндіріп, деструктивтік діни ағым өкілдерінің сыртқы бет-бейнесі мен белгілерін сипаттап, олардың іс-әрекетінің алдын алу бағытындағы мақсаттандырылған жұмыстарға тоқталды.

Басқарма басшысы өткен жылы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмысын күшейту үшін «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген «Интернет-карта» жобасы енгізіліп, аталған карта негізінде қауіпті діни мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау және сараптау қарастырылғанын, осы арқылы псевдосалафизм идеологиясы таралуын бақылауға, қауіпті аккаунттарды анықтауға, деструктивті діни ағым ұстанушылар таратқан уағыздарын анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік  беретінін баса айтып өтті.  

Деструктивті діни ағым өкілдері интернет ресурстарын өте тиімді пайдаланатындығын ескермеуге болмайды. Жат діни ағым өкілдерінің діни сайттары мен әлеуметтік желілерде көптеген топтары бар екені белгілі. Яғни, әлеуметтік желілерде теріс діни ағымдарды таратып, бөлісуге болмайтындығына тоқталып, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля