«Ұлттық құндылықтар — тұрақтылық тұғыры» атты кездесу өтті
«Ұлттық құндылықтар — тұрақтылық тұғыры» атты кездесу өтті
Атырау қаласы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Ұлттық құндылықтар — тұрақтылық тұғыры» атты кездесу өтті. Кездесуде Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Д.Мұхамбеталиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Н.Хаван, облыстық АТТ мүшесі Т.Шакиров және «Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған П.Еркінбай қатысты.
Кездесу барысында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік, теріс діни ағымдар, ұлттық құндылықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында «Tiktok», «Instagram», «Facebook» және «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде кез келген діни ақпарат жариялауға тыйым салынғанын атап өтіп, діни материалдарды бөлісуде, «ұнату» белгісін басу кезінде сақ болуға шықырды.
Нравится
Комментировать
Поделиться