Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Жылыой ауданында №5 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында кездесу өтті. 


Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Есқайыров, АТТ мүшесі Н.Төлеуов қатысты. 


Шара барысында АТТ мүшесі Н.Төлеуов Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында баяндалған ұлттық салт-дәстүрге мән беру және біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігі жөнінде айта келе, оқушыларды жат ағымнан аулақ болуға шақырды. 


Жиында сөз алған Орталықтың бөлім басшысы А.Есқайыров дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу мақсатында олардың шығу тарихы мен таралу жолдарын, жеке сипаттары мен пайдалатын әдебиеттерін арнайы слайд бойынша түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берді. 
Кездесу 100-ге жуық адамды қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля