Ұлттық құндылық және ұрпақ
Мақат ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, О.Сарғұнанов атындағы орта мектепте «Ұлттық құндылық және ұрпақ» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ардагер-ұстаз Р.Үмбетова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қ.Мыңтұрғанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сарбасов қатысты.
Ардагер-ұстаз Р.Үмбетова тақырып аясында баяндама жасап, ұлттық құндылықты дәріптеу, ұлттық сана мен қазақи кісілікті, жан дүниені қалыптастыру арқылы әлемдік өркениетке ене алатындығымыз туралы айтып өтті.
Кездесу соңында ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.