Без рубрики

«Әмин» сөзін дауыстап айтқаны үшін 505 000 теңге көлемінде айыппұл салынды

Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза қолданылған Рустам Адайбаев пен Салауат Досмуханов араға бір жыл салып мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған. Яғни, биылғы жылдың 28 қыркүйек күні 20 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласы, «Иманғали» орталық мешітінінің тәртібіне бағынбай, «Құптан» намазы үстінде имамның ғибадат ету тәртібін сақтауға шақырған сөзін тыңдамай, оған қарсы шығып, «Әмин» сөзін дауыстап айтқан.


«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесіне» сәйкес, мешітке келушілер Ханафи мазхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті екенін біле тұра, намазға ұйыған мешіт жамағатының тыныштығын бұзған. Намазда имамның артында бірінші қатарда тұрып «Әмин» сөзін дауыстап айтқан Р.Адайбаев пен С.Досмуханов өздеріне ескерту жасаған мешіт қызметкерлеріне дөрекі мінез көрсетіп, айқайлап сөйлеп, олармен жағаласып, алысқан.


Сот отырысында Р.Адайбаев пен С.Досмухановтың кінәсі мешіттің бейнежазбасы және жанында намазда тұрған адамдардың куә болуымен толығымен анықталды. Куә болғандар оның мешіттің ішкі тәртібін үнемі осылай бұзатынын айтты.


Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Р.Адайбаев пен С.Досмухановты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, қызметке тыйым сала отырып, оларға әкімшілік жаза ретінде 505000 (бес жүз бес мың) теңге әкімшілік айыппұл салуға шешім шығарды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля