Өңірдегі діни ахуал тұрақты
Атырау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іс-шаралар жоспарының 345-тармағына сәйкес діни бірлестіктердің қатысуымен «ZOOM» платформасы арқылы Исатай, Жылыой, Құрманғазы және Махамбет аудандарында «Конфессиялардың өзара құрметі мен теңдігін қолдауға қатысты мәселелерді» талқылау бойынша ауданымыздағы діни бірлестік жетекшілері және Қоғамдық Келісім кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Сондай-ақ кездесуге Ақпараттық-талдау орталығы «Діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімінің басшысы А.Айтуов пен аудандық мешіт имамы, діни бірлестік өкілдері қатысты.
А.Айтуов ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, орталық мамандарының «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын айтып өтті.
Аудандағы діни бірлестік жетекшілері өңірдегі діни ахуалды баяндап, діни көзқарас бойынша конфессиялық теріс көзқарастар болмағандығын, аудан тұрғындарының татулықта екендігін және ислам, христиан сеніміне қарамастан қоғамдық шараларда бірлесіп атқарып жатқанын атап өтті.